Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда да карантин режимі күшейтілді

 Адам көп шоғырланатын барлық нысанда сақтық шаралары қатаң сақталып, маска тағу, арақашықтықты сақтау бақылауға алынды.

Атырауда да карантин режимі күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрғындардың да беймезгіл жүруіне, Жайық өзені жағалауында серуендеуіне шектеу қойылып отыр. Жағажайларда демалуға да тыйым салынды. Айта кетейік, қаладағы балабақшалардың біріндегі 3 қызметкерден ауру белгілері анықталып, енді жаңа қаулыға сәйкес, барлық балабақша жабылды. Мұнайлы шаһардағы карантин режимін қайта қатайтуға індеттің белең алуы басты себеп болған. Өткен тәуліктің өзінде 21 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Ал симптомсыз 92 науқас тіркеліп отыр.

Облыстың бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев: «Біздердің сұрайтынымыз – тұрғындардың өзі, халықтың өзі өзінің жеке бас сақтық шараларын  орындаса екен. Осылайша өзінің жанұясын, қоғамды осы аурудан сақтау үшін бір адамдай жұмылып, шектеу шараларын іске асырады деген үміттеміз» деді.  

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді