USD
USD
USD

Атырауда бүгіннен бастап автобус жүрмейді 

 Атырауда екі апталық қатаң шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың арнайы қаулысында айтылған.

Атырауда бүгіннен бастап автобус жүрмейді 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, облыс аумағында қатаң шектеу шаралары 5 шілде сағат 00:00-ден 19 шілде сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Қалалар мен ауылдар арасында автобус қатынасы тоқтайды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік қатынасына, елдімекендерде тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына кешкі сағат 23:00 мен таңғы сағат 06:00 аралығында тыйым салынып отыр.

«Думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және өзге де шаралар өткізілуіне, сағат 10:00-18:00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, барлық мәдени ошақтар (театрлар, концерттік залдар, музей, көрмелер және т.б.), діни орындар (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және т.б.), балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар, фудкорт, банкет залдарының, СПА орталықтар, жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынсын» делінген арнайы құжатта. Еске сала кетелік, Атырауда демеушілердің қолдауымен дәрі-дәрмек жеткізілетінін хабарлап едік. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы