USD
USD
USD

Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген

Атырауда 30 жастағы адамды ауылдастары айуандықпен өлтірген. 

Атырауда бір топ адам ауылдасын айуандықпен өлтірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 жастағы азаматты аяусыз соққыға жыққан сегіз адамға қатысты сот отырысы басталды. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады "Ақжайық".
Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған.
Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді.
Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев