USD
USD
USD

Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер қолға түсті

Маңғыстауда 120 келіден асатын бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Маңғыстауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьер қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында биыл 10 наурызда Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 29-шы шақырымында табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Lada 2112 маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында жүксалғышта жалпы салмағы 124 келі болатын 33 дана заңсыз ауланған бекіре балығы табылып, тәркіленді»,-делінген хабарламада.

Полицейлер 26 жастағы күдіктіні ұстады. Тәркіленген балық «Kazakh Osetr» ЖШС-не тапсырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша Түпқараған ауданы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID