USD
USD
USD

Атырауда басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин Атырауда ұсталды, деп хабарлайды "Ақ жайық".

Атырауда басқарма басшысының орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. "Денсаулық сақтау басқармасы бұл фактіні растады, бұл ұстау оның облыстық денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жұмысына байланысты емес екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Басқарма басшысының орынбасары лауазымына 30 жастағы Нұрқуат Нудин былтыр сәуірде тағайындалды, басқармада қаржы мәселелеріне жетекшілік етті.

"Экономикалық тергеу департаменті әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындықтарын айтты, бірақ 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін ол облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Ол қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бабымен күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Инфляция

Қазақстанда кей лауазымдарға өмір бойына тыйым салудың заңдылығы тексерілмек

Конституциялық сот

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев