USD
USD
USD

Атырауда балаларды қинаған тәрбиеші сотталды

Атырауда балаларды қинаған тәрбиеші 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырауда балаларды қинаған тәрбиеші сотталды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Атыраудың № 2 сотында қинау, яғни "көрінеу кәмелетке толмағандарға қатысты ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату" дерегі бойынша (ҚК-тің 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары) балаларды оңалту орталығының маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот К.-ның міндетіне 45 минут ішінде жеке-дара ерекше балаларды дағдыларға үйрету, мінез-құлықты оңалту жұмыстары кірген. Ол балалар орталығының арнайы кабинетінде кәмелетке толмағандармен жеке сабақтар өткізу барысында үш кәмелетке толмаған баланы ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қодану әрекеттері арқылы тән зардабын немесе психикалық зардап келтірген.

"Сотталушы К.-ның кінәсі жәбірленушілердің заңды өкілдері, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындысы, бейнежазбалар және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады", - делінген сот мәлімдемесінде.

Сот соттылығының жоқтығын, асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын ескеріп, К.-ны кінәлі деп тапты. Әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына алты миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана