USD
USD
USD

Атырауда Алтын Орда дәуіріне тиесілі болуы мүмкін көне қалашық табылды

Атырау облысының Махамбет ауданында көне қалашықтың орны табылды. Ғалымдар оны Алтын Орда дәуіріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда Алтын Орда дәуіріне тиесілі болуы мүмкін көне қалашық табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақпараттың мәліметінше, көне мекен Сарайшық қалашығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 100 гектар. Қалашық орнында «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Ресейден келген ғалымдар да тартылған.

Археологтер көне қалашықты зерттеу мақсатындағы қазба жұмысы кезінде мазарға ұқсас нысанды тапқан. Оның іргетасы, төменгі қабаты сол күйінде сақталған.

Бұл мекеннен қыш құмыралар, тиындар, орта ғасырдағы жәдігерлер, ХІV ғасырдың тиындары табылып отыр. Бұл – Қазақстан тарихына қосылған зор үлес."Сарайшық" мемлекеттік музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтің айтуына қарағанда, кейінгі екі жылда 10 шақты қалашық пен елді мекеннің орны ашылған. Сол қалашықтар арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сарайшық қалашығынан үш бағытқа шығатын керуен бағыты анықталып отыр.

Қазір Қарағайлы деген жерден шағын көне қалашықтың орны табылды. Жердің бетінде жатқан көне заттардың сынықтарына қарағанда, бұл мекенді Алтын дәуіріндегі қазақ хандығының қалашығы деп топшылауға болады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев