USD
USD
USD

Атырауда алып балық ауланды (видео)

9 наурызда «Амангелді»  ЖШС балықшылары Жайық өзенінде алып қортпа балығын ұстады, деп хабарлайды Аtpress.kz.

Атырауда алып балық ауланды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балық бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында ауланды. Белгіленген талаптарға сәйкес, балық аулау Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы инспекторларының қатысуымен жүзеге асырылды. Қортпа дереу Жайық-Атырау бекіре зауытына жеткізіліп, балық өсірушілерге берілді.

- Балықтың ұзындығы екі метрден асады (244 см), салмағы – 150 кг.Тәжірибелі балықшы Өмірзақ Азбергенов басқаратын «Амангелді» ЖШС балық аулау бригадасы аулады. Балыққа ультрадыбыстық сканердің көмегімен тексеріс жүргізіп, оның ішінде уылдырық бары анықталды. Осыдан кейін бірден балық зауыттың тоғандарының біріне жіберілді. Көп ұзамай олар одан жасанды ұрықтандыру арқылы уылдырық алады. Бұдан балық зардап шекпейді. Жазда теңізге шығарылады, - деді «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК басшысы Гильман Сәрсемалиев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер