USD
USD
USD

Атырауда 8 жасар баланы ит талады

Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады. Басы мен аяғына зақым келген жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 8 жасар баланы ит талады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға кеше, 15 ақпанда жергілікті уақытпен саған 19:00 шамасында болған.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Куәгерлердің айтуынша, кеше кеште 2015 жылғы туған баланы бұралқы ит талаған. Бала травматикалық күйзеліске түскен. Баланың басы мен аяғында жарақаты бар. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ота жасады. Қазір науқас аталған бөлімде ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлерлер науқастың денсаулығын бақылуда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қаңғыбас ит талаған 5 жасар қыз ауруханаға

жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Атырау қаласының тұрғыны Әсем Байжанның айтуынша, былтыр қаңғыбас ит оның балаларына да, өзіне де бірнеше рет шабуыл жасаған.

«Қабаған ит былтыр мені таламақ болды. Осыған байланысты зоотехниктердің әртүрлі топтарына жазба қалдырдым. Олар менің өзімді кінәлі етті. 2022 жылдың 7 мамырында Азаттық көшесінде бұралқы ит бес жасар жиенім Сафияны қауып алды», -деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бұралқы ит баланың сол жақ бетін, ернін бірнеше рет тістеген. Ауруханада баланың бетіндегі жарақаты тігілді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар