USD
USD
USD

Атырауда 70 медицина қызметкеріне «Халық алғысы» медалі тапсырылды

Атырауда коронавирус инфекциясымен күресте жұмыс істеген медицина саласының 70 қызметкеріне «Халық алғысы» медалі табысталды,

Атырауда 70 медицина қызметкеріне «Халық алғысы» медалі тапсырылды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова медицина қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.

«Бұл індет тұтас әлем, Қазақстан үшін де үлкен сынақ болды. Сол сынақта медицина саласының, Қарулы Күштер, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің ерлікке бергісіз күнделікті ісіне ел куә. Дәрігерлеріміз сырқаттарды емдеумен шектеліп қана қоймай, вирустың кең тарамауы үшін аянбай еңбек етті» -деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Оның айтуынша, өңірде 7 995 медицина қызметкері жұмыс істейді. Соның ішінен коронавирус инфекциясымен күреске 2480 қызметкер жұмылдырылды.

«Халық алғысы» медалі қауіпті індеттің бірінші толқынында алдыңғы шепте жұмыс істеп, қауіпті инфекциядан көз жұмған медицина қызметкерлеріне берілген. Уақытпен санаспай, әр науқастың өмірі үшін күрескен жоғары білімді дәрігердің бірі – Нариман Ақпанов. Елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан тұста Нариман Ақпанов вирус жұқтырғандарды рентгенге түсірген. Алайда өзі коронавирус жұқтырып, қайтыс болды. «Халық алғысы» медалі марқұмның әйелі Дариға Мүслімоваға табысталды.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль