USD
USD
USD

Атырауда 57 жастағы әйел күйеу баласын пышақтап өлтірді

Атырауда 57 жастағы әйел қызының азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өтірді, деп хабарлайды Kazinform.

Атырауда 57 жастағы әйел күйеу баласын пышақтап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 20 желтоқсанда болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында 40 жастағы әйел хабарласып, өз анасы азаматтық некедегі күйеуінің ішіне ас үй пышағымен жарақат салғанын айтты. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжал салдарынан 57 жастағы әйел 27 жастағы ер адамды ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Салдарынан ол көз жұмды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Азаматтық некедегі ерлі-зайыптының отбасында бұған дейін бірнеше рет жанжал болған. 27 жастағы ер адамның қаңтар және сәуір айында 2 мәрте әкімшілік қамауға алынғаны анықталды», – деп нақтылады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу