USD
USD
USD

Атырауда 4 көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Атырауда 4 көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 4 көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Ал, екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп,іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол-көлік оқиғалары салдарынан мерт болғандар саны 8,8%-ға өскенін хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов