Атырауда 3 тонна дизель отынын заңсыз сату дерегі анықталды

Атырауда 3 тонна дизель отынын заңсыз сату дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы, NEGE. Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мұнай өнімдеріне жататын 3 тонна дизельді заңсыз сатудың жолын кесті.
«Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтауға байланысты іс-шаралар жалғасып жатыр. Биылғы қыркүйек айында осындай іс-шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан 1 жеке тұлға анықталды. Заңсыз айналымнан 3 тонна дизель отыны алынып, жинақталған іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін әкімшілік сотына жолданды», – деп хабарлады ведомостводан.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 67 млн теңгенің заңсыз темекі өнімдері анықталғанын жазған болатынбыз.
Заңсыз өнім рейдтік іс-шара кезінде анықталған. Кәсіпорын қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырып келген. Одан 96 мың 69 қорапқа салынған заңсыз темекі өнімі анықталды. Заңсыз өнімнің жалпы құны – 67 млн 178 мың 454 теңге.
Сондай-ақ заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынғанын хабарлаған едік.
Атырау облыстық мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері Атырау қаласындағы қоймалар мен дүкеннің біріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар, оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары табылды.
Заңсыз айналымнан алынған темекі өнімінің нарықтық құны шамамен 6,7 млн теңге.