USD
USD
USD

Атырауда 23 адамды сарышаян шаққан

Атырау қаласында сарышаян шаққан 23 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 23 адамды сарышаян шаққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айы басталғалы бері 103 қызметіне 23 шақырту түскен.

«Жедел жәрдемге 1-19 қазан аралығында Атырау қаласындағы шағын аудандарда жеке үйлерде тұратын тұрғындар шағымданған. Сарышаяннан зардап шеккендерге жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шағымданушының жағдайына байланысты стационарларлық емдеуге жатқызу жүргізіледі. Әдетте мұндай жәндіктен зардап шеккендер дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында болады» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір облыстық балалар ауруханасы мен облыстық ауруханаға сарышаяндар шаққан науқастар түспеген.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік