USD
USD
USD

Атырауда 2025 жылға дейін 22 спорт кешені мен алаңдар бой көтереді

Жылыой ауданында екі спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырауда 2025 жылға дейін 22 спорт кешені мен алаңдар бой көтереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов мәлімдеді.

- Биыл Индер ауданының Есбол ауылынан спорт кешені бой көтерсе, Жылыой ауданының Қосшағыл және Жем ауылдарында спорт кешендердің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Айта кету керек, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 37%. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. «Ауыл аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 22 спорт кешені мен 25 уоркауд алаңын салу көзделіп отыр, - деді Ринат Ибрагимов.

Жалпы облыс спортындағы негізгі проблемалық мәселе – дарынды балаларға арналған спорттық мектеп интернатының жоқтығы. Алайда биыл пандемияға байланысты бұл мәселе кейінге шегерілген. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар