USD
USD
USD

Атырауда 10 жасар бала мен зейнеткер мұз астына түсіп кетті

Атырауда Жайық өзенінен өтпек болған ер адам мен 10 жасар бала мұз астына түсіп кетті. Зейнеткерді құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 10 жасар бала мен зейнеткер мұз астына түсіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға 4 желтоқсанда болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне кеше, жергілікті уақытпен сағат 20:49-да Атырау қаласындағы Жұмыскер ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, ер адамның суға батып кеткені жөнінде шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының 3 сүңгуірі сағат 21:10-да Жайық өзеніне батып кеткен 72 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарды», - деп хабарлады департаменттен.

Ал 10 жасар баланы оқиға куәгерлері құтқарып қалған. Дәрігерлер баланы тексерген соң үйіне жіберді.

«Тұрғындарға ауа райының құбылуына байланысты Жайық өзенінде мұз әлі қалың емес екендігін ескертеміз. Қазір өзен жағасында мұздың қалыңдығы небәрі 3-4 см құрайды. Өзеннің ортасында мұз әлі қалың емес. Мұз үстіне шығу өмірге қауіп төндіреді», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 8 жасар бала Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектескенін хабарлаған едік.

Екі жасөспірім «Балықшы-Жұмыскер» бағытындағы көпірдің тұсында Жайық өзеніне мұз үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен.

Оның бірін 8 жасар бала қолынан тартып, судан шығуына көмектескен. Судан шыққан жасөспірім екіншісін құтқарып қалған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі