USD
USD
USD

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Бұл жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешені екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. 2023 жылғы 5 мамыр күні 19:22 сағатта Атыраудағы Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты "Лагуна" тұрғын үй кешенінің шатыр бөлігінде өрт шықты.

"Үйдің жалпы ауданы 1 500 шаршы метр, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дереу шақырту орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді", - дейді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

1 сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы 50 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе