USD
USD
USD

Атырауда 101 жас ана дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында  Атырау облыстық перинаталдық орталығы мен Атырау қалалық перзентханасында жатқан 101 жас ана өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырауда 101 жас ана дауыс берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облыстық перинаталдық орталығы мен қалалық перзентханада жатқан жүкті әйелдер таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс бере бастады. Олар ҚР мемлекеттік Әнұранын орындап, саяси науқанның сәтті өткізілуіне  жұмыла кірісті.

Облыстық перинаталдық орталықтан - 30, қалалық перзентханадан - 71 жас ана өз дауыстарын берді.

Жетінші перзентін дүниеге әкелген Айнұр Төлемісова алғаш рет перинаталдық орталықта сайлауға қатысқанын айтып, өз пікірін білдірді.

«Перзентханада сәбиіммен бірге жатқаныма бүгін екінші күн. Бүгін ел үшін маңызды қадамды осында жасадым. Сайлау учаскесіне бармай-ақ, осындай мүмкіндік жасалғанына алғыс айтқым келеді. Өз таңдауымды жасадым», - дейді.

Айнұр Төлемісованың айтуынша, ұл-қыздарының алды жоғары оқу орнында оқиды. Әр баласының есімін белгілі тұлғалардың атағына, даңқына байланыстырып қойған. Осы жолы саяси науқан қарсаңында дүниеге келген сәбидің есімін ұзақ ойластырыпты. Жас ана Сайлау немесе Сайлаубек деп есім қоятындарды қолдамайтынын айтады. Есім баланың болашағына тікелей байланысты әсер етеді, сондықтан мағыналы дұрыс есім болуы керек дейді. Сәбидің салмағы: 3 келі 150 грамм, бойы -51 см.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян