23 Қаңтар 13:54
...

Атырауда жерді заңсыз пайдаланған шаруа қожалығына 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Жер телімі
Фото: ғаламтордан

Атырау облысында шаруа қожалығының мемлекеттің иелігіндегі жерді заңсыз пайдаланғаны анықталды. Сот шешімімен шаруа қожалығына 2,5 млн теңге айыппұл салынды. 

Алматы, NEGE. «Тексеру қорытындысымен жерді заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Жерді пайдалануға қатысты заң талабын бұзған шаруа қожалығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес 2 млн 584 мың 400 теңге айыппұл салынды. Шаруа қожалығының сот шешіміне қарсы қойған талаптары қабылданбады», – деп мәлім етті аталған комитеттен.

Сондай-ақ Атырау облыстық жер ресурстарын басқару департаменті шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан 100 гектар аумақты игеру туралы ұйғарым берген.

Алайда ұйғарым нұсқамасының орындалмаған. Соған байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде қайтарылып алынған.