2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Атырауда Жастар театры ашылды

Театрдың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ресми тіркеу туралы құжатты тапсырды.

Атырау Жастар театры
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматы, NEGE. Салтанатты шараға қатысқан елімізге белгілі мәдениет өкілдерінің қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті режиссер Асхат Маемиров, Канн кинофестивалінің жүлдегері, танымал киноактриса Самал Еслямова, театр және кино актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Аян Өтепберген мен Асылхан Төлепов бар.

Жастар театры салтанатты шара барысында атақты жазушы-драматург Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасын көрермен назарына ұсынды.

Театр 2014 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде шығармашылық ұжым шетелдік фестивальдерге қатысып, табысты оралса, Атырау облысы мен еліміздегі өзге де өңірлердің тұрғындарын ерекше қойылымдарымен тәнті етті.

Айта кетейік, театр ұжымы 2021 жылы Қырымда өткен 23-ші халықаралық «Боспорские огони» ежелгі өнер фестивалінде Бернард Шоудың «Клеопатра» тарихи драмасымен бас жүлдені жеңіп алса, театр актрисасы Гайни Кукатова «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына ие болды.

Театрда 25 актер жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев