USD
USD
USD

Атырауда жаңа жыл қарсаңында мұздағы қауіпсіздік пен пиротехникаға бақылау күшейтілді

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселелері бойынша жоспарлы комиссия отырысы өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Отырыста су айдындарындағы мұз қату және сең жүру кезеңіндегі қауіпсіздік, пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымының алдын алу, қатты жел салдарынан нысандардың зақымдануы, сондай-ақ жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста 300 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 163-і тұрғын үйлерде болып, салдарынан 9 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Ал жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 30 өрт дерегі тіркелген.

Алдын алу шаралары аясында әлеуметтік осал санаттағы 1684 отбасының 376 тұрғын үйіне газ және түтін дабылқаққыштары орнатылған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату деректері анықталып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұз үстіндегі тәртіпті сақтау бойынша мониторинг күшейтілген. Қазан айынан бері 5 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 17 мыңға жуық тұрғын қамтылған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға күзгі-қысқы кезеңде қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы