USD
USD
USD

Атырауда түн ортасында мопед қаққан 28 жастағы әйел ауруханада көз жұмды

Атырау қаласында мопед жүргізушісі түн ортасында 28 жастағы әйелді қағып кетті.

Аурухана
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел облыстық ауруханада көз жұмды.

Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

«Атырау қалалық Полиция басқармасына 11 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында мопед жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар түсті. Жол-көлік оқиғасы шаһардағы Ш.Уәлиханов-Г.Канцев көшелерінің қиылысында болғаны анықталды. Мопедтің рулінде 21 жастағы жүргізуші болған. Әйел аталған көшелердің қиылысында жолдың жаяу жүргіншіге арналмаған тұсынан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны мопед қаққан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған әйел жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда зардап шеккен 28 жастағы әйел алған жарақатының салдарынан олыстық ауруханада қайтыс болған.

«Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр. Облыс тұрғындары мен жүргізушілеріне жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков