USD
USD
USD

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды

18 мамырда Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі басталды.

күдікті
Фото: qamqor.gov.kz

Астана, NEGE. Сәрсемәлиевке бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, інісі мен сіңлісін өлтірді деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар оның марқұм болған отбасының малын сатып, әйелімен Индонезияға қашып кеткені және қаза болған адамдардың атынан туыстарымен хат алмасқаны үшін ұрлық және алаяқтық баптарымен іс қозғалған.

Сотта істі аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде Яна Легкодимованың қазасына қатысты сот процесіне төрағалық еткен судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Еске салсақ, өткен жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

6 қаңтарда Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері ауылдағы үйінің қорасынан табылған болатын. Екі адамның өліміне отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланды.

Күдікті Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. Олар 9 наурызда Атырауға жеткізілді.

Күдікті қылмысын мойындағаннан кейін қалған екі мәйіттің қай жерде көмілгенін көрсеткен. Жедел қызметкерлер оның айтқан жері – Геолог ауданында бұрын жалдап тұрған үйінің ауласын тексеріп, Наурыз бен Мирамгүлдің денесін тапты.

Қаза тапқан отбасы мүшелерінің қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның бұл қылмысқа қатысы жоқ деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Емхана

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

.

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?

.

Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып кеткен

Бауыржан Қабдолданов