USD
USD
USD

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.

Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларына тең 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды.

Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр.

Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары