USD
USD
USD

Атырауда облыстық ата-аналар форумы өтті

Атырау қаласында облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Ұрпағыңмен мың жаса» атты ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға 300-ге жуық ата-ана, педагог, қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Форум аясында отбасы құндылықтарын насихаттауға белсенді атсалысқан 8 ата-анаға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың атынан Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар ата-аналармен тиімді жұмыс жүргізіп, серіктестікті нығайтуда үздік нәтиже көрсеткен 8 білім беру ұйымы Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуовтың атынан марапатталды.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

«Қазір жүзеге асырылып жатқан жобалар арқылы ата-аналар білім беру үдерісіне араласып, бала тәрбиесінің қалай жүргізіліп жатқанын өз көздерімен көріп, нақты үлес қоса алады. Бұл өз кезегінде ата-ана мен педагог арасындағы сенімді серіктестікті қалыптастырады. Осындай бірлескен жұмыс балалардың саналы, жауапты азамат болып өсуіне берік негіз қалайды. Сондықтан ата-ана, мектеп және қоғамның үйлесімді әрекеті әрқашан оң нәтиже береді», –деді Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Сондай-ақ әке мен балаға арналған әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталып, облыстың 7 ауданында «Жауапты ата-ана» комьюнити орталықтарының қызметі таныстырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы