Референдум Референдум
USD
USD
USD

Атырауда мұнай компаниясының менеджерін аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға үкім шықты

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты 46 жастағы Бибігүл Шпанованы аса қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. 

Бибігүл Шпанова
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Марқұм ірі мұнай-газ компаниясы NCOC-де менеджер болып қызмет атқарған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотта анықталғандай, айыпталушы Атырау қаласының 38 жастағы тұрғыны, Рембаза ықшам ауданында туған Арман Жетпісов. Ажырасқан, ресми түрде жұмыссыз, бұған дейін алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерде фигурант болған. Біраз уақыт өзін жөндеу жұмыстарымен айналысатын шебер ретінде көрсетіп, жәбірленушінің сеніміне кірген.

«2022 жылы жәбірленуші жаңа пәтер сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында Жетпісовпен танысқан. Айыпталушы жәбірленушіден автотұрақ орнын жеңілдікпен сатып алуға көмектесемін деп 400 мың теңге алған. Бұл қаражатты иемденіп, уәдесін орындамаған. 2023 жылы жәбірленуші қайта хабарласып, мәселенің шешілмегеніне байланысты шағым түсіретінін айтып, ескерткен. Ол жүкті екенін де айтқан. Сол күні айыпталушы мас күйде жәбірленушінің үйіне келіп, қылмыстық әрекетін жүзеге асырған», – делінген хабарламада.

Ол бетперде киіп, пышақпен қаруланып, жәбірленушіні зорлап, кейін аса қатыгездікпен өлтірген.
Кейін пәтерді тінтіп, сейфтен ірі көлемде ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Сондай-ақ марқұмның автокөлігі мен ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залал 13 миллион теңгеден асқан.

Сонымен қатар сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып, сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Жәбірленушілердің және куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары, бейнежазбалар мен заттай айғақтар сотқа ұсынылғаны жазылған.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтамады. Қылмысты мас күйде жасағаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырылды.

«Сот шешімімен Арман Жетпісов барлық эпизод бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, марқұмның туыстарына материалдық және моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген сот таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда