USD
USD
USD

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

Атыраудағы «ЖАН и КС» мұнай компаниясына бұрғылау кезінде экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

мұнай компаниясы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Табиғат қорғау прокуратурасы мәліметінше, компания ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған. Осы жағдай компанияны ӘҚБтК-нің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартуға себеп болды.

Компания өкілдері айыппұлға сот арқылы шағымданбақ болғанымен, шағым қанағаттандырылмады, қаулы заңды күшіне енді.

Прокурорлар компаниядан айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріліп жатқанын мәлімдеді. Сот орындаушылары Атырау бюджетіне 490 млн теңгеден астам қаражат аударған. Берешектің қалған бөлігі прокуратураның қатаң бақылауында болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін экологиялық айыппұлдардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылып келсе, ал енді олар облыс бюджетінде қалады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті