USD
USD
USD

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

5 қазанда Атырау қаласындағы Құлманов көшесі, 1Б мекенжайында орналасқан «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде лифт құлады. Оқыс жағдай кезінде жеделсаты ішінде төрт адам болған.

Құлаған лифт орны
Фото: Атырау әкімдігі

Астана, NEGE. Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға лифт кабинасына шамадан тыс жүк түсуіне байланысты болған.

Оқыс оқиға салдарынан үш тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Олардың денсаулық жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалады. Ал бір тұрғын медициналық көмек көрсетуден бас тартқан.

«Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Тиісті қызметтер оқиғаның себебін анықтау және лифт жабдығының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Бұл лифт соңғы рет 2014 жылы ауыстырылған. Сондай-ақ ведомство өкілдері аталған тұрғын үй кешеніндегі жеті лифтіні ауыстыру жоспарланғанын, жұмыстардың жалпы құны 122,3 млн теңге болатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев