14 Қаңтар 16:22
...

Атырауда қайырымдылық мекемесі жасөспірімдерге діни араздықты насихаттаған

Діни кітап
Фото: ҰҚК

Атырауда қайырымдылық мекемесі жасөспірімдерге діни араздықты насихаттайтын әдебиеттер таратып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы, NEGE. Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, экстремистік құжаттардың таратылуының алдын алу мен балалардың құқықтарын қорғау басты назарға алынып отыр.

– Атырау қалалық прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиеттің таратылуын тоқтатты. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға тыйым салынған. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 516 мың 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Сондай-ақ қайырымдылық мекемесі тиісті рұқсат құжаттарсыз балаларды діни бағыттарда оқытқан. Осылайша, пансионат ретінде қызмет атқарған.

– Осыған байланысты Атырау қалалық прокуратурасы сотқа талап арыз берді. Соның негізінде 4 мекемені мемлекеттік тіркеудің күші жойылды. Барлық пансионат таратылды, - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.