USD
USD
USD

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Марқұмның 30 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ТЖД
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Алматы, NEGE. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.

«Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмеркер, 5 техника тартылған.

«Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Қазір оқып жатыр

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров