USD
USD
USD

Атырауда есірткі тасымалдамақ болған күдікті 10 жылға сотталды

Атырауда есірткі тасымалдамақ болған күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бағытында бірқатар жедел іздестіру шарасын өткізіп жатыр. Өткен жылдың қыркүйек айында үш қала тұрғыны есірткі затын заңсыз тасымалдамақ болған 2001 жылы туған азаматты байқап, полиция қызметкерлеріне хабар берген.

Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері уақытылы жетіп, тінту кезінде 23 жастағы күдіктіден салмағы 13,66 грамм ірі мөлшердегі психотроптық зат пен 0,94 грамм болатын мефедрон есірткісін тәркілеген.

Қазіргі таңда 23 жастағы Атырау қаласының тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер