USD
USD
USD

Атырауда есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері талқыланды

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Жиында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлішер Нұршаев, облыстық прокуратураның басқарма басшысының орынбасары Индира Сейтқасымова және облыс әкімі аппаратының қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Лейла Бердіғалиевалар баяндама жасап, өңірдегі заңсыз есірткі айналымы, криминогендік жағдай және алға қойған міндеттер жайында баяндады.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Биыл облыста есірткіге қатысты қылмыс саны 1,8%-ға азайған. Заңсыз айналымнан 247 келіден астам есірткі заттары тәркіленген. Қаржылық тергеулердің нәтижесінде криптовалюталық және банк шоттары бұғатталған.

Штаб төрағасы Серік Шәпкенов нашақорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударды. Өңірде жүздеген профилактикалық іс-шара өткізіліп жатқанымен, тиімділігі әлі де болса жеткіліксіз. Аймақ басшысы кәмелетке толмағандарды нашақорлықтан қорғау бағытындағы жұмыстарға жаңаша көзқарас қажет екенін де атап өтті.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Отырыс соңында нақты шекара бекеттеріндегі бақылауды күшейту, жүйелі скрининг енгізу, цифрлық кеңістіктегі есірткі саудасына қарсы күресті жетілдіру, есірткі қылмыстарымен бірге қаржы операцияларын да тергеп-тексеру турасында ұсыныстар айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы