USD
USD
USD

Атырауда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жаңа жылдық іс-шара өтті

«TOPPLAY» отбасылық ойын-сауық орталығында жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Іс-шараға халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ерекше қажеттіліктері бар 180 оқушы қатысты, – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

«Атырау қаласында 78 мың оқушы болса, олардың 400-ге жуығы үй жағдайында білім алады. Сонымен қатар қаламыздағы 20 мектепте инклюзивті сыныптар жасақталған. Олардың әрқайсысында 8 оқушыдан оқиды. Бұл шара қалалық білім беру басқармасының жаңа жылдық іс-шаралар жоспарына арнайы санаттағы оқушыларды көбірек қамту мақсатында енгізілді. Жоспар бойынша алда Атырау қаласы әкімінің шыршасы өтеді», – деді Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Мерекелік іс-шара барысында балалар мен ата-аналар ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, театрландырылған қойылымға қатысты. Кеш соңында балаларға сыйлықтар табысталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы