USD
USD
USD

Атырауда ер адамнан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Атырауда өзге облыс тұрғынынан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде үйінің ішінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктіні тінту барысында жалпы құны 30 миллион теңге болатын 500-ден астам доза альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Ұсталған азамат бір дозаны 60 мың теңгеге сатуды жоспарлағанын айтты.

Тергеу барысында күдіктінің Атырау қаласына Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу және сатып алумен айналысатын интернет дүкенге жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу сотының үкімімен күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский