USD
USD
USD

Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, пышақтап кеткен

Бұл туралы «Немолчи» қоры хабарлады. Видеода ер адам үйінен шығып келе жатқан әйелді бірнеше рет пышақтап, кетіп қалады. Болжам бойынша ер адам - жәбірленуші қыздың бұрынғы сүйіктісі.

nemolchikz
Фото: nemolchikz

Алматы, NEGE. Қор мәліметінше, қыз Атыраудағы жергілікті супермаркеттің бірінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - дейді ПД өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған