USD
USD
USD

Атырауда екі бала Жайыққа батып кетті

20 шілдеде Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде болжам бойынша 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Су деңгейі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін ТЖД құтқарушылары сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды. 2011 жылы туған екінші жоғалған жасөспірімді іздестіру-жұмыстары жалғасып жатыр.

«Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов