USD
USD
USD

Атырауда дәстүрлі Президент шыршасы өтті

«Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты мерекелік іс-шараға қала және аудандардан келген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқу, шығармашылық және спорт салаларында жетістікке жеткен барлығы 300 бала қатысты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан келе жатқан жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы үнемі балалардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл бөліп келеді. Оның дәлелін өңірімізде салынып жатқан заманауи балабақшалар мен мектептерден көруге болады. Мұны болашақ ұрпақтың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына құылған инвестиция деп білеміз.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Осы елдің ертеңі – сіздер. Алда үлкен белестер бар. Сол биіктерді бағындыратындарыңызға сенім білдіре отырып, дендеріңізге саулық тілеймін», – деді Серік Шәпкенов.

Мерекелік бағдарлама аясында балалар үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымдар, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуындағы интерактивті ойындар, заманауи және халық билері, ән-шашу ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы