USD
USD
USD

Атырауда 90 келіге жуық бекірені заңсыз сақтаған тұрғын 3 жылға сотталды

Атырау қаласының тұрғыны 90 келіге жуық бекіре мен 146 грамм қарауылдырықты үйінде заңсыз сақтаған. Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазды egemen.kz.

А
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Атырау қаласындағы №2 сотта азамат К.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен айып тағылған.

«2024 жылғы 17 тамызда тінту жүргізу кезінде К.Ж.-ның Атырау қаласындағы үйінен заңсыз сақталған 90 кг жуық бекіре балығы және 146 грамм бекіре уылдырығы табылып, тәркіленген. Сотталушының кінәсі тінту хаттамасымен, сот-биологиялық, сот-тауартану сараптамасының қорытындыларымен дәлелденді», деп хабарлады соттан.

Прокурор сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды ұсынды. Алайда айыпталушы мен оның қорғаушылары тағылған айыппен келіскен жоқ.

Сот айыпталушының асырауында үш жас баласы барын ескерді. Бұл жаза мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.

«Сот үкімімен К.Ж. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны өтеу мерзімі жас балалары 14 жасқа толғанша 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды», деп мәлім етті соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.