USD
USD
USD

Атырауда 200-ден астам көпқабатты үйді реновация аясында бұзады

Атырау қаласында тұрғын үй қорын жаңарту мақсатында 225 көпқабатты үй сүріліп, 3 395 пәтердің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілмек. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтың төрағалығымен өткен жұмыс жиынында қаладағы реновация мәселелері талқыланды. Қала әкімі Шакир Кейкиннің айтуынша, ескі үйлерді сүру жұмыстары бес негізгі аймақта жүргізіледі. Олардың қатарында Мұса Баймұханов көшесі, Орталық ықшамаудан, Азаттық даңғылы, Жилгородок, Мұхтар Әуезов даңғылы және Балықшы ықшамауданы бар. Ең тозған үйлердің көпшілігі С.Датов, М.Баймұханов, Г.Кожакаев, А.Стахановцев көшелерінде және Азаттық, М.Әуезов, Бейбітшілік даңғылдарында орналасқан.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа тұрғын үй кешендерінің салынуы азаматтарды жайлы әрі заманауи баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 2023-2025 жылдар аралығында 12 үйдің 154 пәтері босатылып, тұрғындар жаңа үйлерге көшірілген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан