USD
USD
USD

Атырау-Астрахань тас жолында көлік ішіндегі әйел тірідей өртеніп кетті

Астрахань тас жолында болған жол апатында көліктің ішіндегі әйел тірідей жанып кетті.

Атырау-Астрахань тас жолында көлік ішіндегі әйел тірідей өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 14 шілдеде түстен кейін болды.

14 шілдеде күндіз Атырау-Астрахан трассасында 1996 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum және 1957 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Highlander көліктері соқтығысты. Нәтижесінде жолаушы әйел қаза болды - ол өртеніп жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті, делінген Ақ Жайық басылымында.

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев