USD
USD
USD

Атырау тұрғыны 50 жыл хабарсыз кеткен досымен қауышты

Атырау тұрғыны Александр Толстов жарты ғасыр бұрын байланысы үзілген досы Артур Ажиковты тауып алды. Жолдастар бір-бірін жергілікті 

Атырау тұрғыны 50 жыл хабарсыз кеткен досымен қауышты
Фото: NEGE.kz

«Прикаспийская коммуна» газетіндегі мақаланың арқасында тапқан, - деп жазды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.Достар Гурьев кәсіптік училищесін бітіргеннен бері бір-бірін көрмеген. Осы жылдар бойы Александр Артурды табуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған.

"Бұрын вокзалға жиі баратынмын. Онда такси жүргізушілері де көп, оның ішінде Құлсарыға баратындардан сұрастырып жүрдім, Артур Ажиковты біледі ме, ол Жылыой ауданынан. Оны танитындар болса, оның қазір қайда екенін білгім келді. Бірақ ешқашан жақсы жауап ала алмадым" , - деп еске алады ер адам.

Жеті жыл бұрын Александр әйелінен айырылған. Өзі қазір екінші топтағы мүгедек. Жақында ғана ер адам жергілікті басылымға хабарласып, досын табуға тағы бір талпынуды ұйғарады. Журналистер мақаланы жариялайды, сол күні кешке Артур редакциямен байланысқа шыққан.

Оның Атырау облысында емес, Ақтауда тұратыны белгілі болды. Ол да досын іздеп жүрген, хабар алып қуанады. Достар телефон арқылы сөйлесіп, мамырдың аяғында кездесуге келіскен.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент