USD
USD
USD

Атырау: Тәуелсіздік күні қарсаңында жатақхана ашылды

Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 200 орындық жатақхана ашылды.

Атырау: Тәуелсіздік күні қарсаңында жатақхана ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа жатақхана Атырау жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін арналып салынған.

Бұл колледж 74 жылдан кіші буын медицина қызметкерлерін даярлап келеді. Қазір колледжде 1 365 студент білім алады.

Оның ішінде 800-ден астамы – ауылдан келген жастар.

«Жатақхана Елбасы Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуі мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жастар жылы» шеңберінде жастарды қолдау іс-шараларын жүзеге асыру туралы Үкіметке берген тапсырмасы аясында салынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті», - деп, атап көрсеткен еді. Өйткені, басты міндет – халық саулығын қорғау және сапалы медициналық қызмет көрсету. Осыған орай өңір медицинасын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәуелсзідіктің 30 жылында 65 денсаулық сақтау ғимараты қолданысқа берілді. Қазір облыстағы медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші 91%-ті құрайды», -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан