USD
USD
USD

Атырау: Соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды

Атырауда Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы майдангері өмірден өтті.

Атырау: Соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Закария Сұлтанов 1926 жылы туған.

1943 жылы соғысқа аттанып, Белоруссия майданында 143-полк құрамында жауға қарсы шайқасқа қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Елге 1946 жылы оралған.

«Қан майданнан аман оралып, арамызда адамдықтың асқақ үлгісін көрсетіп жүрген соғыс ардагерлерінің соңғысы еді. Өткен ғасырдағы зұлмат-соғыстан жеңімпаз болып шыққан Закария Сұлтанов ағамыз біз үшін ерліктің, қайсарлық пен отансүйгіштіктің үлгісі болып келді. Майданда алған жарақатына қарамастан бейбіт кезеңде еңбектен қол үзбей, әскери комиссариатта, ішкі істер инспекциясында абыройлы қызмет етті. Өмірінің соңына дейін Тәуелсіз елінің гүлденіп, мәңгілік ел болуын тілеп отырушы еді. Осыдан үш ай бұрын ақсақалды Жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтадым. Тың болатын. Ақ батасын беріп, елдің амандығын тілеп, өткен өмірі мен ғибратты әңгімесін айтты. Ғасырға жуық өмір сүрсе де, рухы асқақ асыл азаматтың адами қасиетіне тәнті болдым. Соңғы Жеңіс мерекесі деп кім ойлаған...» -деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт