USD
USD
USD

Атырау полицейлері бақшасына қарасора өсірген тұрғынды ұстады

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ауласынан қарасора түптерін тапты.

Атырау полицейлері бақшасына қарасора өсірген тұрғынды ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау полициясының жедел қызметкерлері күдікті 43 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қаладағы Мұханжанов көшесіндегі үйінің ауласындағы бақшасын тексерген кезде суға түсетін душ кабинасынан белгілі бір иісі бар қара-жасыл өсімдіктің төрт түбін тауып, тәркіледі.Тексеру барысында, полицейлер күдікті азаматтың бақшасынан өсімдіктің тағы үш түбін анықтады. Сараптама қорытындысы бойынша анықталған өсімдіктер қарасора болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты