USD
USD
USD

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE.Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметіне қарағанда, күдікті ағасымен бірге елден шығарылу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматынан Атырау қалалық сотының судьясына пара беруді сұраған. Полиция полковнигіне 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры жеткізіп берген. Алайда, шетелдік валюта судьяға жеткізілмеген.

«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-баптың 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити