USD
USD
USD

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакцина салдырды

 Облыс әкімі коронавирусқа қарсы вакцина салдыру үшін «Геолог» елді мекеніндегі емханаға барды.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дәрігерлер алдымен тіркеуден өткізіп, дене қызуым мен қан қысымымды өлшеуден бастап, толық медициналық тексеру жасады. Одан кейін ғана Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдырттым. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді» дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, жексенбіге қарамастан, емханаға вакцина алушылар келген. Ал, дәрігерлер тұрғындардың вакцина алуға деген белсенділігі жоғары екенін айтып отыр. «Жақындарымыз бен айналамыздағыларды қорғау да, өздеріңіздің қорғануларыңыз үшін де – коронавирусқа қарсы вакцина алу өте маңызды» дейді облыс әкімі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 250 адам вакцина алатынын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy