USD
USD
USD

Атырау облысындағы экологиялық жағдай бойынша іс прокуратураға жолданады

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Атырау облысындағы экологиялық жағдай бойынша іс прокуратураға жолданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі мен Атырау мұнай өңдеу зауытының құбыры және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС құбырынан қара түтіннің шығуына байланысты өңірде күрделі экологиялық жағдай қалыптасты.

Министрлік мәліметінше, екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратураға тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі факті бойынша мән-жай анықталады.

Айта кетейік, мемлекеттік табиғи қорықтағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Бұған техника тапшылығы себеп.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе