USD
USD
USD

Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті. Оқиға "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолында болған.

Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол-көлік оқиғасы кеше, 4 мамырда сағат 11:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

"Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолының 109-шақырымында күре жолдан шығып кетті. Автобусты 1984 жылы туған ер адам басқарған. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Бұл кезде автобус салонында 10 жолаушы болған. Олар дін-аман. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті