USD
USD
USD

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті

 Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар. 

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, суға кету дерегі биылғы 22 қаңтарда тіркелген. «Жыл басынан бері 8 адам суға батып кетті. Оның ішінде 2 бала бар. Биылғы 22 қаңтарында 9 жасар бала Атырау қаласындағы «Перетаска» каналында мұз астына түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Ал, 4 маусымда Жылыой ауданының Жем ауылдық округінде 2009 жылғы жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп, батып кетті», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 2020 жылы 17 адам, оның 4 бала суға түсу кезінде көз жұмған. Ал, былтыр 28 адамның ажалы судан болған. Оның ішінде 10 бала бар. «Өткен жылғы 1 маусым-31 тамыз аралығындағы суға шомылу маусымы кезінде Атырау қаласында 11, Махамбет ауданында 4, Жылыойда – 2, Құрманғазыда – 2, Индер ауданында 2 қайғылы оқиға тіркелді.

Жүргізілген талдауға сәйкес суға батып кетудің бірнеше себебі анықталып отыр. Мәселен, 4 адам тыйым салынған жерде суға түскен. Суға құлаудың салдарынан 10 адам жантәсілім етті. Мас күйде шомылып жүрген 4 адам көз жұмды. Ал, ересектердің қарауынсыз жүрген 10 бала суға батып кетті. Құтқарушылар 4 адамды құтқарып қалды. Оның 4 бала бар», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан. Бүгін, 16 маусымда төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы жағажайда ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген 20-дан астам кәмелетке толмаған баланы анықтады. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында биылғы бес айда 5 адам суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция