USD
USD
USD

Атырау облысында жемқорлардан алынған қаржыға 2 мектеп салынады

Атырау облысында жемқорлардан тәркіленген 6 млрд теңге екі мектептің құрылысына бағытталады,деп хабарлайды ktk.kz.

Атырау облысында жемқорлардан алынған қаржыға 2 мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Атырау облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жемқорлардан алынған қаржыға әрқайсысы 600 орындық екі мектептің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Оның бірі – мұнайлы шаһардағы Ақжар-2 шағынауданында орналасқан орта мектеп. Білім ордасының құрылысына 2,8 млрд теңге жұмсалады, Ал екінші мектеп Бірлік-2 шағынауданында салынады. Бұл мектептің құрылысын жүргізуге 3,2 млрд теңгені жарату көзделген.

Атырау облысында биыл 25 мектеп жаңартылады.

Облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Тілекқабыл Байдошевтің айтуынша, мектептер жаңа оқу жылы басталғанға дейін жөндеуден өтеді.

«Атырау облысында 2021 жылы қала мен аудан орталықтарындағы, ауылдардағы мектептерді қайта жаңғырту қолға алынды. Биыл облыста 25 мектепте қайта жаңғырту жұмысы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 800 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары кезінде мектептер пәндік кабинеттермен, жиһазбен жарақтандырылып, кітапханалары мен асханалары жаңартылады. Білім ордалары қауіпсіздік жүйесімен қамтылып, оқушылардың инклюзивті білім алуына мүмкіндік жасалады. Бұл жұмыс оқушылар жазғы демалысқа шыққан кезде басталып, жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деген еді Тілекқабыл Байдошев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе